№4 Булаево орта мектебінде Оан қорғаушылар күнінің 25 жылдығы және Ұлы Жеңістің 72 жылдығы қарсаңында түрлі іс-шаралар өткізілді.
Әр сыныпта «Желбіре Жеңіс жалауы!», «Ұмытылмас жылдар», «Тәуелсіз ел сарбаздары», «Біз болашақ Отан қорғаушылармыз», «Бейбітшілік мәңгі сақталсын» атты сынып сағаттары өткізілді. Орта буын оқушыларымен Булаев қаласы орталығындағы ескерткіштің және Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан азаматтарға орнатылған тақта тастың тарихымен таныстырылды.
Мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңіске арналған қара сөз бен өлеңдерді мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды.
Мектеп оқушыларының ұйымдастырған «Жеңістің туы желбіре!» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға Булаев қаласының тұрғыны тылда еңбек еткен ардагер қария Стримиленко Н.П. және аудандық мұражай директоры Жұмағұлов С.Т. шақырылды. Іс-шара мектеп директорының құттықтау ынан басталып мектепте жақсы қызмет еткен мұғалімдер мен қызметкерлерді марапаттап өтті.
Шақырылған қонақтар мектеп ұжымын қасиетті мерекемен құттықтап қана қоймай соғыс кезінің зардабы мен халықтар арасындағы достықты, адамдар арасындағы Жеңіске ұмтылып бірлік көрсеткені туралы балаларға айтып өтті. Арнайы шақырылған қонақтарға мектеп ұжымы естелік ретінде балалармен түскен суретті сыйға тартты.
Посмотреть новость на сайте учреждения