Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529561
<

 введите текст 

Все новости

Жиналыс

12.05.2017ж №4 Булаево орта мектебінде өткен ата-аналар жиналысы жөнінде ақпарат

  12.05.2017ж сағ 18.30.-да №4 Булаево орта мектебінде жалпымектептік ата-аналар жиналысы өткізілді.

Ата-аналар жиналысының күн тәртібінде қаралған мәселелер:

  1. Жаңартылған оқу бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
  2. Мектеп бітірушілерге арналған мемлекеттік емтихан мен ҰБТ-ның жаңа форматы туралы ақпарат

                                                                                 (Искакова Д.Ш.)

  1. Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі

                                                                             (Хозина Г.Д.)

  1. Қамқоршылық кеңесі мүшелерін тағайындау

                                                                               (Әлеуметтіу ұстаз)

  1. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру

                                                                               ( Хозина Г.Д.)

  1. Әр түрлі мәселелер

 

Бірінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Ш.Искакова баяндама жасап мектепте биылғы жылғы енгізілген критериалды бағалау жөнінде ата-аналарға түсіндіріп айтып өтті.Қалыптастырушы баға мен жиынтық бағаның айырмашылығы, балдар бағаға қалау ауыстырылады және қалыптастырушы баға деген не екені жөнінде түсінік берді.

Ата-аналарды толғандырып жүрген жаңа форматты ҰБТ- мен мемлекеттік емтихан туралы ата-аналарға ақпарат берді.

Екінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Д.Хозина ата-аналарға ой салатындай бейне ролик көрсету арқылы бала тәрбиесінің қыр сыры және бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны ерекше екендігі жөнінде айтып өтті. Күнделікті бала әрбиесі ешқандай демалысты үзілісті қажет етпейтіні, бала ата-ананың ісін қайталау арқылы тәрбие алатыны жөнінде айтып кетті. Мектеп пен ата-ана, бала арасындағы қарым-қатынастың жақсаруы көбінесе ата-аналарға, олардың мектеп пен мұғалімді қолдауына байланысты. Ол үшін мектеп ұжымын қолдап демеу көрсетіп отыратын қамқоршылық кеңесінің маңызды екендігі де сөз болды. Сондықтан мектепте ата-аналар арасынан қамқоршылық кеңесі тағайындалу керек екендігі айтылды.

Оқушылардың жазғы демалысын жақсы ұйымдастыру бойынша да сөз қозғалды. Аудандық «Ақ қайың» демалыс лагеріне оқушылардың басымкөпшілігі барғысы келгенімен ата-аналары жібермейді. Сіздер ата-аналар өздеріңізбен дем алғаннан балалар баламен араласып, достасып дем алу жағын да қарастырыңыздар. Балалардың жазғы демалысын жақсылап ұйымдастыруға атсалысуларын сұрады.

Жиналыстың қаулысы:

  1. Жаңартылған білім бағдарламасының іске асуына ата-аналар тарапы атсалыссын
  2. Бала тәрбиесінде ата-ана міндеттері орындалсын
  3. Мектептің қамқоршылық кеңесіне келесі ата-аналар тағайындалсын:
  • Мусарьянов Т.А.
  • Бакирова А.Б.
  • Шимпаев Ж.О.
  • Унгаев М.Р.
  • Хасенова А.А.

4.Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін мектепте  жазғы алаң ұйымдастырылсын.

  1. «Ақ қайың» жазғы лагеріне 3-8-сынып алаығынан 25 оқушы жіберілсін.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь