2017 жылдың 2 қарашасы күні ЖШС-ның өкілдері мен ата-аналар қауымының қатысуымен қоғамдық тыңдалым өтті. Келесі сұрақтар қарастырылды: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары, I тоқсандың қорытындысы, мектептің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетінің аналитикалық анықтамасы.
Сөз алушылар: мектеп директоры Конусбаева Ж.Ш., директор орынбасарлары: Хаиржанова Б.Х., Геберлин Г.Н., мектеп психологы Альназирова М.М.
Тыңдалым барысында 1, 2, 5, 7 сынып ата-аналары тарапынан жаңартылған бағдарлама туралы түрлі сұрақтар қойылды.